Құрметті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына келушілер!


Шыңғырлау өңірі байтақ қазақ жұртының бір мекені. Оның да өзіндік табиғи ерекшелігі, замани тарихы мен шежіресі бар.

Аққұмында Ақшахан шаһарын салдырған, Торатбас пен Қыземшекте Қобланды батыр қылышын қалдырған, Шыңғырлау өзенінен Асан қайғы бабамыз желмаясының шөлін қандырған құтты мекен, киелі орда.   

Ақ Жайықтың Ресейге ашылатын қақпасы саналатын Шыңғырлау ауданы даңқты қолбасшы Табын Бөкенбай баһадүрдің, оның ұрпақтары Тіленші, Жоламан батырлардың Отаны. Егеулі найзаны қолға алып ел қорғаған бабалар ерлігін жалғастырған Сүндетқали Есқалиев, Андрей Тихоненко, Георгий Шевцов, Бисенғали Мұқанбетовтардың елі.

Жыр дүлділі Көшелек жырау мен ән бұлбұлы Қалампыр Рахимованың қасиетті өлкесі. Бабалар өсиетіне адал өскелең ұрпақтың өмір сүріп, еңбек етіп жатқан шырайлы өңірі.       

Шыңғырлау өңірі табиғаты мал өсіруге, сонымен бірге егін егуге де қолайлы. Ауданда ет шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры, көшім жылқысы мен Еділбай қойы өсіріледі.

Біздің интернет-ресурсымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, ауданда болып жатқан тың жаңалықтар туралы білуге, өзін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, өз ұсыныс-пікірлерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Интернет-ресурсымызда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, өңірлік бағдарламаларды іске асыру барысы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жүзеге асырылып отырған жобалар, атқарылған істер көрініс табады.

Аудан әкімінің аппараты аталған интернет-ресурсты жетілдіру бойынша қажетті шараларды ұдайы қабылдайды. Егер интернет-ресурстың жұмысын жақсарту, жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңыз болса, біз ризашылықпен қабылдаймыз.

Барша аудан тұрғындарына дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, Шырайлы Шыңғырлау өңірін гүлдендіріп, көркейтуге шақырамын!

Біздің интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Шыңғырлау ауданының әкімі

Альберт Темірболатұлы Есалиев

 

  

Жаңалықтар


 

Мұражай – халық өмірінің айнасы

20.03.2017

Мұражай – халық өмірінің айнасы

Замана көші алға қарай жылжып, жыл артынан жыл, ай артынан ай зырлап өтуде. Өзіндік тарихы мен талғамы бар, табиғаты көркем, халқы ғажап еліміздің өмірі күн сайын өсіп, өркендеп, даму үстінде. Елдің өткенін, болашағын, бүгінгі күнін айшықтай көрсетіп, барымызды жарқырата айтатын кез де келген сыңа  йлы. Осы тұста халық өмірінің айнасындай болатын мұражайдың орны ерекше екенін баса айту жөн.

Толығырақ...

Жастар да қолдайды

20.03.2017

Жастар да қолдайды

 «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауын талқылау мақсатымен аудан жастары бас қосты.

Толығырақ...

Дәстүрлі дінімізді дәріптей білейік

20.03.2017

Дәстүрлі дінімізді дәріптей білейік

Аудан әкімдігінде бүгінгі таңда маңызды мәселелердің біріне айналып отырған дініміз жөнінде жиын өткізілді. Аталған шараға облыс орталығынан келген дін мәселесі жөнінде жұмыстанып жүрген мамандар Ж.Аханов пен М.Рахманқұловтар қатынасты.

Толығырақ...

Қос мекеменің жұмысы сараланды

20.03.2017

Қос мекеменің жұмысы сараланды

Қай халықтың болмасын  ұлттық мұрасы, халықтың  қазынасы - қолөнері болып табылады. Ел арасынан  шеберлеріміз  ұлттық қол өнер бұйымдарын жасау арқылы  сол халықтың  этикалық  және мәдени  ұлттық  дәстүрін де  көрсете білген. Халқымыз  атадан балаға аманаттау арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра отырып, талай ғасырлар өтсе де  бұйымдар мен оның жасалу құпияларын сақтап қалған.

Толығырақ...

Тағылымы мол қос сайыс

06.03.2017

Тағылымы мол қос сайыс

Отбасы құндылығын арттыру, жанұядағы өнегелі тәрбие, үлкенге  - құрмет, кішіге - ізет көрсету, отбасы дәстүрін сақтай білу мақсатындағы ата-ана тәрбиесіне орай жуырда  Амангелді ауылындағы негізгі мектебінде бастауыш сыныптарда «Шуағы мол - нұр әжем» және 5-8 сынып оқушылары мен әкелері арасында «Алғыр әке » сайыстары оздырылды.

Толығырақ...

Орталықтың көмегі

06.03.2017

Орталықтың көмегі

Жуырда «Шыңғырлау жастары» ЖҚБ-нің қол-дауымен Шыңғырлау аудандық жастармен жұ-мыс жөніндегі ресурстық орталығының «100 Нақты көмек жобасының» аясында мүмкіндігі шектеулі жастарға мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету мақсатындағы шара атқарылды.  Аудан тұрғындары Айнұр Сарқұлова мен Жұлдыз Қабиеваға әлеуметтік көмек берумен қатар ресурстық орталық тарапынан Айнұрға киім-кешектер берілді.

Толығырақ...

Барлық жаңалықтарды оқу ...